Күн жаңалықтары
20.05.2025
Жарияланымдар · 12
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті. Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысының айтуынша, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу, сондай-ақ Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан аталған сапар нәтижелі болды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Мажарстанға барды
Премьер-министр PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысы Давид Манзинимен Алматы облысында зауыт салу мәселесін талқылады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыт салу бойынша жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жазда Қазақстанда студенттерге арналған тегін оқу курстары ұйымдастырылады
Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытында ақша табу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, олардың еңбек және жеке дамуына жағдай жасауға бағытталған еңбекпен қамтуды ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы: 90 мыңнан астам шалғай ауыл тұрғыны тегін көмек алады
Астанада «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жылдың ішінде «дөңгелектегі емхана» 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен стансада тоқтап, медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Жарты миллионға жуық оқушы жайлы мектептерде білім алады
Қазақстанда балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, қазіргі заманғы талаптарға сай, сапалы және тегін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен 2024–2025 оқу жылының басынан бастап жоба аясында 254 мың оқушы орны пайдалануға берілді. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 460 мыңға жетіп, жарты миллионға жуық баланың заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы
АҢДАТПА!
Еліміздің мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында енгізілетін салауатты диета бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген Тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзірді ұсынды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.