Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

21.05.2025

Жарияланымдар · 12

Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту

АҢДАТПА!

17:34Баспасөз хабарламалары

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін көне Будапешт шаһарында өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын білдірді.

16:25Мемлекет басшысының қызметі

«Келешек мектептері: жаңа буын мектебінің моделі еліміздегі барлық жалпы білім беру ұйымының дамуына негіз болмақ

«Жайлы мектеп» жобасының басты міндеттерінің бірі – жаңа технологиялар мен әдістерді тиімді қолдана алатын білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету. Мұнда педагогтердің кәсіби даму үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс. Осы мақсатта мұғалімдерге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінде 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта басым бағыттар бойынша барлық педагог оқытумен қамтылатын болады. Бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ брифингінде айтты.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Әр баланың әлеуетін ашуға арналған жаңа форматтағы мектептер

Еліміздегі «Жайлы мектептерде» қарым-қабілетіне қарамастан, кез келген балаға жағдай жасалған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жеке санитариялық бөлмелер, кең кабинеттер, жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар. Мұғалімдер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының қызығушылығы мен қабілетіне қарай тұлғалық дамуына жол ашады. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

14:50Жаңалықтар

Ауылдардағы жайлы мектептерде 200 мыңнан астам бала оқиды

2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр ауқымды құрылыс жұмысы басталды. Бүгінге дейін 105 мектеп салынды. Биыл тағы 112 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылады. Яғни «Жайлы мектеп» жобасы аясында екі жылда 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынуда. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

«Өрлеу» жаңа бағдарламасы кәсіпкерлерге 750 млрд теңгеге қолдау көрсетеді

«Даму» қоры жеңілдетілген несие беру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа «Өрлеу» бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарлама аясында 750 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал 450 млрд теңгесін екінші деңгейлі банктер бірлесіп қаржыландырады. Бағдарламаға микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Қаражат келесі мақсаттарға беріледі: инвестициялық жобаларға – 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңге. Бұл жайында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ алаңында айтты.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

«Даму» қоры 226,3 мың жобаға қолдау көрсетті

Қазіргі уақытта «Даму» қорының бағдарламалары негізгі 3 құрал арқылы жүзеге асырылады: субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру. Қаржы бағдарламалары іске асырылған уақытта 14,2 трлн теңге несие сомасына 226,3 мың жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде субсидиялау бойынша 8,93 трлн теңге несие сомасына 119 мың жоба,  кепілдендіру бойынша 2,37 трлн теңге сомасына 73,2 мың жоба, жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 3,3 трлн теңге сомасына 32,1 мың жоба қолдау тапты. Бұл жайлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ брифингінде хабарлады.

12:00Жаңалықтар

ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде

Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына портфельдік субсидиялау тетігін, сондай-ақ «Даму» Қоры базасында кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде. Негізгі жаңалық - шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді тікелей екінші деңгейлі банктерге беру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейді

Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өскені байқалды. 2024 жылдың 4-тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2%-дық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда 19,2%-ға ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 394,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 450,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 943,4 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 471 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:36Жаңалықтар

Үкіметте көлік саласын дамыту бойынша Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:08Президенттің тапсырмалары

Бүгін Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі

Суретшілерді, жазушыларды, музыканттарды, әртістерді, әншілерді, кітапханашыларды, музей мен галерея қызметкерлерін, кинематография өкілдерін – жалпы мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастыруға үлес қосып жүрген барша жандарды құттықтаймыз.

09:00Жаңалықтар