Күн жаңалықтары
22.05.2025
Жарияланымдар · 9
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқанның алғашқы күнінде жарты миллионнан астам қазақстандық қатысты
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтуде, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Үкіметте ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңес отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшылығы, энергетика секторы компаниялары және энергетика саласындағы сарапшылардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелеріне арналған Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда
Биыл ауыл шаруашылығы саласында бірқатар ірі қазақстандық жоба іске асып жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ брифингінде осы жобаларға тоқталды. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысында іске қосылып жатқан жылына 169 000 тонна өсімдік майын өндіретін «ALTAI MAI» ЖШС май зауыты бар. Бұл жобаның құны – 26,4 млрд теңге.
Биыл агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 213 млрд теңгені құрады
Мемлекет басшысы Қазақстанға инвестиция тарту мәселесіне айрықша көңіл бөлуде. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, агроөнеркәсіптік кешенге тартылатын инвестициялар көлемін арттыру тапсырылды. 2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 213 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 118%-ға артық. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.
Әлеуметтік және стратегиялық объектілерді жекешелендіру жөніндегі жол карталары қабылданады
Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту жолымен кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Мәселен, құжатта кәсіпкерлікке мемлекеттік қатысу тәсілдері бекітілген. Олар туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтып берді.
Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Қазақстан балалары»: Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан басталды
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету
АҢДАТПА!
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 202 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 853,6 мың отбасы жалпы сомасы 201,9 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 611,5 мың отбасы 176,0 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242 мың адам 25,9 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.