Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

23.05.2025

Жарияланымдар · 15

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.

16:06Жаңалықтар

Премьер-министр Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:57Президенттің тапсырмалары

2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы

АҢДАТПА!

15:21Баспасөз хабарламалары

ТЖМ өкілі судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті

Суға батып кету оқиғаларының 95%-ы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде болады. Осы тұрғыда ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде халықты тек рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырды.

14:50Жаңалықтар

Қазақстанда судағы қауіпсіздік қағидаттарының талаптарын бұзудың жолын кесу бағытында 20 мыңнан астам рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылды

Елімізде 1 маусымнан бастап шомылу кезеңі басталады. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, кешенді дайындық және алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Тиісті бұйрыққа ТЖ министрі қол қойып, нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді.

14:31Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.

12:33Жаңалықтар

Тұрғын үйді бөлу есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады

Өткен жылдың қараша айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Құжат 24 мамырда күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

12:00Жаңалықтар

Былтыр 2,3 мыңнан астам адам тұрғын үй сертификатын алды

2022 жылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ы субсидияланады. Бұл жеңілдік бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы аналар, көп балалы отбасылар үшін қарастырылған. Қазір 11 мыңнан астам отбасы тұрғын үйді жалға алғаны үшін 50% төлеу бойынша мемлекеттік қолдауға ие. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.

11:50Жаңалықтар

Елімізде 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар

Құрылыс саласы экономиканың негізгі салаларының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл секторда оң нәтижелерге қол жеткізілді. Республика бойынша 18,9 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 182 мың тұрғын үй салынды. Өткен жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 30,6 мың пәтер салынып, 9 мың жеңілдікті займдар берілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

11:40Жаңалықтар

Василий Лавренов ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

11:04Жаңалықтар

Президент бірқатар елдің елшісін тағайындады

10:52Жаңалықтар

Нажмедин Мұхаметәліұлы ҚР БАӘ Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

10:50Жаңалықтар

Еңбек министрлігі: Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұрақты жұмысқа 540 субсидияланатын жұмысшы қабылданды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп қабылдаған шараларының арқасында субсидияланатын жұмыс орындарының 540 қатысушысы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарына тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2025 жылдың басынан еңбек мобильділігі орталықтары 3,8 мың жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін АӘҚКО-мен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жалпы сомасы 519,8 млн болатын 189 келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:55Жаңалықтар

Қазақстандық делегация Новосібір облысындағы (РФ) ғылыми қалашыққа барды

Мемлекет басшысы наурыздағы Ұлттық құрылтайда Қазақстанда егжей-тегжейлі пысықтай әрі есеп-қисабын жүргізе отырып, ғылыми қалашықтар құруды міндеттеген болатын. Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Новосібір облысында құрылған Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің (РҒА СБ) базасындағы Ресейдегі ең ірі ғылыми-білім беру және инновациялық орталықта болды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:44Жаңалықтар