ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп қабылдаған шараларының арқасында субсидияланатын жұмыс орындарының 540 қатысушысы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарына тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2025 жылдың басынан еңбек мобильділігі орталықтары 3,8 мың жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін АӘҚКО-мен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жалпы сомасы 519,8 млн болатын 189 келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.