Елімізде 1 маусымнан бастап шомылу кезеңі басталады. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, кешенді дайындық және алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Тиісті бұйрыққа ТЖ министрі қол қойып, нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.