Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына портфельдік субсидиялау тетігін, сондай-ақ «Даму» Қоры базасында кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде. Негізгі жаңалық - шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді тікелей екінші деңгейлі банктерге беру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі мәлімдеді.