Еліміздегі «Жайлы мектептерде» қарым-қабілетіне қарамастан, кез келген балаға жағдай жасалған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жеке санитариялық бөлмелер, кең кабинеттер, жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар. Мұғалімдер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының қызығушылығы мен қабілетіне қарай тұлғалық дамуына жол ашады. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.