«Даму» қоры жеңілдетілген несие беру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа «Өрлеу» бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарлама аясында 750 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал 450 млрд теңгесін екінші деңгейлі банктер бірлесіп қаржыландырады. Бағдарламаға микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Қаражат келесі мақсаттарға беріледі: инвестициялық жобаларға – 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңге. Бұл жайында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ алаңында айтты.