Күн жаңалықтары
26.05.2025
Жарияланымдар · 11
Мемлекеттік кеңесші Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.
Жаңа әуехаб: Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды
Шымкент қаласында Германия, Венгрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Президентінің Қазақстан әуежайларының жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту және аэрохабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент мемлекеттік наградалар тапсырды
Барлық ниет білдірген азамат ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі жұмысқа шақырылады
Биыл Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл - Қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамыту үшін стратегиялық маңызды іс-шара. Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін негіз болады. Санақ жүргізу үшін жұмыссыз азаматтар, студенттер, сондай-ақ барлық ниет білдіргендер арасынан 3700-ден астам адамды интервьюер ретінде тарту жоспарлануда. Олар үшін арнайы оқыту жүргізіледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді. Оқыту Data Literacy Hub Бюросының онлайн-платформасында ұйымдастырылады, онда қатысушыларға түрлі оқу материалы қолжетімді болады. Оның ішінде мәтіндік құжаттар, бейнероликтер және бейне слайдтар бар.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы санағы: сауалнамаларда қандай сұрақтар болады
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы респонденттердің барлық санатын қамтиды және ақпарат жинаудың толықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Барлығы 2 млн-ға жуық үй шаруашылығы мен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарда бар. Жалпы, санақ сауалнамаларына қандай сұрақтар енгізілгенін ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы: қатысушылар, өткізу мерзімі мен тәртібі
1 тамыздан 20 қазанға дейін Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл ауқымды статистикалық байқаудың негізгі мақсаты еліміздің аграрлық секторының құрылымы, ресурстары мен жай-күйі туралы өзекті және сенімді деректерді алу болып табылады. Санақ деректері тиімді мемлекеттік саясат, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді.
2025 жылғы 1 мамырға 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылғы 1 мамыр жағдайында 43,4 мың отбасындағы 232,5 мың адамға 10,4 млрд сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен төмендегідей іс-шаралар өтеді
28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.