Күн жаңалықтары
27.05.2025
Жарияланымдар · 12
Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесті.
#БалаларҮні республикалық челленджі басталды
27 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік желілерде #БалаларҮні республикалық челленджі өтуде. Челлендждің басты мақсаты – балаларға өз ойларын ашық айтуға, оның дауысының естілуіне және мектеп пен қоғамдық ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Алматы қаласында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салынады
Алматы қаласының индустриялық аймағында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салу үшін 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жоба қаржыландырылды. Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураның пайдаланылатындығында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қазақстанда балалардың құқықтық жағынан қорғалуы 90%-ға жетті – Балалар әл-ауқаты индексінің аралық қорытындылары
«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығаруда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары жазғы кезеңде аяқталуы керек – Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, отын жеткізу және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов ұлттық энергетикалық жүйенің жұмысы туралы, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Шемонаиха қаласында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орынға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді. Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Көктемгі ағаш отырғызудың нәтижелері
АҢДАТПА!
Энергетика министрлігі: жылыту маусымы тұрақты өтті
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымы тұрақты және ірі технологиялық бұзушылықтарсыз өткенін атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.
Халықты ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр
Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Денсаулық сақтауды цифрландыру туралы
АҢДАТПА!
Қазақстандықтарға 247 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 217,4 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 29,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.