Алматы қаласының индустриялық аймағында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салу үшін 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жоба қаржыландырылды. Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураның пайдаланылатындығында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.