Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.06.2025

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді

19:18Жаңалықтар

Қазақстанда жүгері мен бидайды терең өңдеу жобасы жүзеге асырылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Осы жұмыс аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Yili Chuanning Biological Co. компаниясының өкілі Дэн Сюйхэн мырзамен кездесу өткізді. Аталған компания Қытайдағы ең ірі биофармацевтикалық кәсіпорындардың бірі және антибиотик аралық өнімдерінің жетекші жеткізушісі ретінде ішкі және халықаралық нарықтарда белсенді жұмыс істейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:31Жаңалықтар

Қазақстан Қытайдың ең ірі жасыл технологиялар банкімен әріптестік орнатты

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) мен Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы Азиядағы жасыл технологиялар бойынша ірі платформалардың бірі Green Technology Bank-пен тікелей қарым-қатынасқа жол ашатын ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

16:26Президенттің тапсырмалары

Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды

Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылған алғашқы өңірлік энергетикалық форум – Power Central Asia + China өз жұмысын бастады. Бұл шара Қазақстан мен Қытайдың жетекші компаниялары арасында стратегиялық маңызы бар келісімдерге қол қою алаңына айналып, еліміздің өңірлік энергетикалық интеграция мен инновациялық даму орталығы ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

16:19Жаңалықтар

ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды

Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі Үкімет жоспарларына енгізілген, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

16:15Жаңалықтар

Елордада Қазақстандағы Қытай туризмі жылының ашылу рәсімі өтті

Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының туризм жылы және «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, Қытайдың Ұлттық жібек музейі директорының орынбасары Чжан Чэнмин және өзге де мәртебелі меймандар қатысты, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

16:09Президенттің тапсырмалары

Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:04Президенттің тапсырмалары

Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Онда энергетика саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:21Аймақтар жаңалықтары

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту

АҢДАТПА!

15:07Баспасөз хабарламалары

Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілді

Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып, биыл сәуірдің соңына дейін жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:48Жаңалықтар

Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды

09:33Жаңалықтар

Жандос Шаймарданов ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды

09:05Мемлекет басшысының қызметі