Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

17.06.2025

Жарияланымдар · 11

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Саммитті ашқан Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасына және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан басшыларына ілтипат білдірді.

18:23Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды

Болгария астанасы София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы (EuPhO-2025) өз мәресіне жетті. Биылғы зияткерлік додаға 39 елден 200-ден астам жас физик қатысты. Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетті, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы болып танылды. Ол Қазақстанның жүлде қоржынына алтын медаль алып келді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:37Жаңалықтар

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесу өткізді. Онда «Нұр жолы»  өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары талқыланды. Ынтымақтастықты, оның ішінде машина жасау саласында кеңейту перспективалары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:15Жаңалықтар

Көлік министрлігі мен CITIC Group арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Астанада өткен «Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

15:58Президенттің тапсырмалары

Қазақстан 210 млрд теңгені энергетикалық жүйенің сенімділігіне инвестициялайды: Энергетика министрлігі 75 жаңғырту жобасын іске қосады

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің электр және жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 75 ірі жобаны жүзеге асыру үшін 210 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Ауқымды бағдарламаның мақсаты – маңызды инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендету және миллиондаған қазақстандықтарды жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

14:31Президенттің тапсырмалары

Өнеркәсіпті нығайту: металлургиялық шикізатты сенімді жеткізу арқылы жаңа өнімдер мен кәсіпорынды дамыту

АҢДАТПА!

14:28Баспасөз хабарламалары

Бұрын-соңды медициналық мекемелері болмаған ауылдарда 178 АМСК нысаны салынды

Қазақстандық ауылдарда фельдшерлік, акушерлік, медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жалғасуда. Бұл жұмыс «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр. Осылайша, 655 медициналық нысан салу жоспарда бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 34 негізгі жоба іске асырылып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы әзірленді. Құжатта ғимараттар мен құрылыстар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеует сынды негізгі аспектілерді қамтитын денсаулық сақтау жүйесін кешенді түрде дамыту тетіктері қамтылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов айтты.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Digital justice жобаларын жүзеге асыру

АҢДАТПА!

10:28Баспасөз хабарламалары

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:13Президенттің тапсырмалары

Инвестжобаны іске асыру: Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт құрылысы қалай жүріп жатыр

Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:03Жаңалықтар