Күн жаңалықтары
18.06.2025
Жарияланымдар · 12
«Мерейлі отбасы-2025» байқауына 3 мыңнан астам отбасы қатысады
«Мерейлі отбасы-2025» байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстандағы өнегелі отбасы мәртебесін иелену үшін 3434 үміткер бақ сынамақ, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ана мен баланың денсаулығын нығайтудағы заманауи тәсілдер туралы
АҢДАТПА!
Премьер-министр моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Жиынға өңірлер мен моноқалалардың әкімдері, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Кедендік өткізу пункттерін жаңғырту
АҢДАТПА!
2029 жылға қарай елде шығарылатын бүкіл қорғасын іште өңделмек
Бүгінде еліміздегі мыс саласында ішкі өңдеу қарқынды дамып келеді. 2021 жылы Қазақстанда шығарылатын мыстың 5,3 мың тоннасы іште өңделсе, былтыр бұл көрсеткіш 13,2 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы өңдеуді арттырып, 16,2 мың тонна дайын өнім шығару жоспарланған. Қазір 16 кәсіпорын мыспен қамтамасыз етілуде. Мәселен, қуат трансформаторларын орауға арналған сымдар шығару көлемін жалпы өткен жылға қарағанда 31%-ға, мыс катанкасын және дөңгелек жалпақ прокат өндіру көлемін 29%-ға ұлғайту көзделген. Бұл жайлы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
Биыл елімізде алюминийді қайта өңдеу көрсеткішін 93 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар
2021 жылы ішкі тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету бойынша «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы қабылданды. 2024 жылы бұл заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде енді отандық кәсіпорындар шикізатты Лондон металл биржасындағы бағадан 5% төмендетіп алады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Қайрат Садықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
«Атқарушылық жазбаны цифрландыру» жобасы шеңберінде нотариустардың 9 500 жазбасы жойылды
Бүгінде іске асып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі - «Атқарушылық жазбаны цифрландыру». Бұрын бұл процесс тек қағаз түрінде жүзеге асырылатын және бұл бірқатар проблема туғызған. Нотаруистың МҚҰ және жеке сот орындаушылары арасында сөз байласу жағдайлары салдарынан адал азаматтар зардап шекті. Борышкерлер материалдарға уақытылы қол жеткізе алмай, қарсылықтарды жедел жібере алмады. Аумақтық қағидаты жиі бұзылып, әділет органдарына жыл сайын 7 мыңға жуық шағым келіп түсті. Бұл жайлы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Елімізде 350 мыңнан астам нотариаттық қызмет онлайн форматта көрсетілді
Әділет министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – атқарушылық іс жүргізу процестерін автоматтандыру. Мәселен, былтыр тамыз айынан бастап «Цифрлық сот орындаушысы» енгізілді. Ол автоматты режимде адамның қатысуынсыз атқарушылық іс жүргізуге бастамшылық жасайды және сүйемелдейді. Бұл шешім адами факторды жоюға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қарызды өндіріп алу процесін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі әлеуеметтік тиімді тұстарының бірі – азаматтарға қаржылық жүктемені азайту. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Нормативтік құқықтық акт әзірлеушілеріне смарт-ассистент қолдау көрсетеді
Әділет министрлігі іске асырып жатқан «Е-Заңнама» жобасы бірыңғай жүйеде заң шығарудың барлық процесін біріктіру үшін әзірленді. Бұл – нормашығармашылықты цифрландыру саласындағы флагмандық жобалардың бірі. Қазір заң жобасының бүкіл өмірлік циклін қамтитын функционал толығымен іске асырылады. Яғни, мұнда әзірлеуші бастамашылық еткен сәттен бастап Мемлекет басшысының қол қоюына дейін процестер қамтылған. Бұл НҚА-ны дайындау мен келісудің сандық үдерісін қамтамасыз етуге барлық кезеңнің ашықтығы мен есептігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесі осы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінде енгізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беру саласында қолжетімділікті, қызмет сапасын және ашықтықты арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.