Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

19.06.2025

Жарияланымдар · 19

Мемлекет басшысы Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді.

18:34Жаңалықтар

Президент респиратор мен газтұтқы шығаратын зауытқа барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев MFA International компаниясының елордадағы кәсіпорнын аралап көрді. Бұл –индустриялық респиратор мен газтұтқы шығаруда Түркиядағы ең ірі және Еуропадағы үштікке енетін компания.

17:38Жаңалықтар

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады.

17:37Мемлекет басшысының қызметі

Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты.

17:35Мемлекет басшысының қызметі

Президент медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын елордалық кәсіпорындар көрмесін тамашалады

Мемлекет басшысына Heart Center Foundation қоғамдық қорының өкілдері Қазақстандағы кардиохирургия мен трансплантологияны дамыту миссиясы туралы әңгімеледі.

16:02Мемлекет басшысының қызметі

Күн ыстықта шомылатын орындарда энтеровирус жұқтыру қаупі жоғары

Жазғы уақытта балалар жедел ішек ауруларына жиі шалдығады. Педиатрияда бұл дерт жедел  респираторлы вирусты инфекциялардан кейін 2-орында тұр. Балалардағы ішек инфекциясының сезімталдығы ересектерге қарағандарға 3 есе жоғары. Оның клиникалық белгілері: іштің өтуі, құсу, дене қызуының көтерілуі, бас ауры, қалтырау. Ішек инфекциялары қоздырғыштарының спектрі кең. Олар вирустық немесе бактериялық сипатқа ие. Адам ағасындағы инкубациялық кезең 1 күннен бастап 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл жайында ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисі Динагүл Баешева ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

15:40Жаңалықтар

Қазақстанда балаларға арналған ерте араласу және дамыту орталықтары қалай жұмыс істейді

Соңғы жылдары бүкіл әлемде даму ерекшеліктері бар балалар санының өсуі байқалды. Қазақстанда балаларға көмек көрсету үшін жаңа модель пайдаланылады – ерте араласу және даму орталықтары құрылады. Емханалар базасында осындай 94 орталық жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс педиатры Айнұр Мақсұтова мәлімдеді.

15:30ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда ДДҰ және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп балалар жарақаттануының алдын алу бойынша бірқатар бастама әзірленді

Жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан болатын балалар өлімінің алдын алуға болады. Олардың алдын алуға болмайтын аурулардан айырмашылығы – жарақаттардың көпшілігі адами факторға байланысты: қадағалаудың болмауы, немқұрайлылық немесе қауіпсіздік ережелерін білмеу. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар травматологы Арслан Дүйсенбаев ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

15:20Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері әйелдерді жүктілікке алдын ала дайындалуға шақырады

Қазақстанда әйелдер тексерілмейтін және болашақ жүктілікке дайындалмайтын жағдайлар сирек емес. Бұл ананың да, баланың да өміріне белгілі бір қауіп төндіреді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс акушер-гинекологы Гаури Бапаева мәлімдеді.

15:10Жаңалықтар

Әр өңірде бас балалар гинекологы тағайындалды

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында бірқатар іс-шара іске асырып отыр. Бүгінгі таңда жыныстық жолдар патологиясын дер кезінде анықтап, емдеу шараларын жүзеге асыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді. Құжатта бекітілген шаралар кешенінде еліміздің барлық 20 өңірінде бас балалар гинекологы тағайындалды. Аймақтық емханалар деңгейінде гинекологиялық патологиясы бар қыз балаларды қабылдайтын бөлмелер ашылды. Стационарларда науқастарды жатқызатын төсек-орындар жасақталды. ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарттары қолданыла бастайды

Тамақтану – баланың денсаулығы мен дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Дұрыс емес диета ағзаға, әсіресе, ерте жаста қатты теріс әсер етуі мүмкін. Дұрыс тамақтану бірнеше негізгі принципті ұстануды қамтиды: жеткілікті калория, ақуыз, май және көмірсулардың теңдестірілген қатынасы және витаминдер мен минералдардың қажетті деңгейі. БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің Денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында балалық шақта салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастырудың маңыздылығы туралы баяндады.

14:50Президенттің тапсырмалары

Соңғы 10 жылда Қазақстанда балалар саны 34%-ға өсті

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда аналар, перинаталдық, неонаталдық және балалар өлімін төмендету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның осы бағыттағы орнықты даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізгенін мойындады. Жалпы, елімізде соңғы үш жылда халықтың 1,3 млн-ға өсуі байқалады. Соңғы 10 жылда балалар саны 34%-ға 5 млн-нан 6,8 млн-ға дейін өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.

14:40Президенттің тапсырмалары

Президент Stadler Kazakhstan зауытымен танысты

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды.

14:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына барды

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» МКҚК теннис орталығының қызметімен танысты.

12:43Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді

Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.

11:51Мемлекет басшысының қызметі

Барлық рәсім ашық жүргізіліп жатыр – МКК өткізу пунктерін жаңғырту туралы айтты

Қазақстанда кедендік өткізу пунктерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның шеңберінде рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар түйінді шара іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, өткізу пунктерінде көлік құралдарын жоғары дәлдікпен тексеруге мүмкіндік беретін заман талабына сай инспекциялық-тексеру кешендері орнатылады. Сондай-ақ электрондық кезек және алдын ала ақпараттандыру жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала жоспарлауға, күту уақытын азайтуға және шекарадан өтуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында жаңғыртудың қандай нәтиже беретіні туралы баяндады.

11:50Жаңалықтар

Жыл басынан бері 1,6 трлн теңге көлемінде кедендік төлем түсті

Жыл басынан бері Қазақстанның ЕАЭО-мен сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері арқылы екі бағытта 605 мыңнан астам автомобиль өтті. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда олардың өткізу қабілеті 25%-ға өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мәлімдеді.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Олжас Бектенов Қарағанды облысында Президенттің өнеркәсіпті, ТКШ және АӨК-ті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, терең өңдеуге баса назар аудара отырып, экономиканы әртараптандыру, энергетикалық инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. «Saran» индустриялық аймағының кәсіпорындары, «Qarmet» АҚ өндіріс нысандары, оның ішінде металлургия комбинаты мен «Саран» шахтасына барды. Энергетика, коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:34Жаңалықтар

Қазақстан мектептеріне оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілуде

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп оқушыларға кәсіптік бағдар берудің «Оқушының қызығушылықтары мен дағдыларының икемді бейіні» (ОҚДИБ) цифрлық әдістемесін әзірледі, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

08:54Жаңалықтар