Жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан болатын балалар өлімінің алдын алуға болады. Олардың алдын алуға болмайтын аурулардан айырмашылығы – жарақаттардың көпшілігі адами факторға байланысты: қадағалаудың болмауы, немқұрайлылық немесе қауіпсіздік ережелерін білмеу. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар травматологы Арслан Дүйсенбаев ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.