Жазғы уақытта балалар жедел ішек ауруларына жиі шалдығады. Педиатрияда бұл дерт жедел респираторлы вирусты инфекциялардан кейін 2-орында тұр. Балалардағы ішек инфекциясының сезімталдығы ересектерге қарағандарға 3 есе жоғары. Оның клиникалық белгілері: іштің өтуі, құсу, дене қызуының көтерілуі, бас ауры, қалтырау. Ішек инфекциялары қоздырғыштарының спектрі кең. Олар вирустық немесе бактериялық сипатқа ие. Адам ағасындағы инкубациялық кезең 1 күннен бастап 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл жайында ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисі Динагүл Баешева ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.