Күн жаңалықтары
20.06.2025
Жарияланымдар · 8
Жазғы туризм, балалардың қауіпсіздігі және медицина қызметкерлерінің құқықтары: Көшербаев ШҚО-да кеңес өткізді
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық ведомстволар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Премьер-министр жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің таяуда жасаған сапары барысындағы келіссөздері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстандағы астық қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы астық қоры 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыруға жеткілікті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда Әйелдер консультациялары қайтадан жұмыс істей бастайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
«Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстандықтарға 310 млрд теңге сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 272,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 37,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев табиғи апаттар тәуекелдерін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Биылғы жылдың мамыр айында табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму министрлігі есеп берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.