Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.07.2025

Жарияланымдар · 9

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жайында

АҢДАТПА!

12:17Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

12:12Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.

12:11Жаңалықтар

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

Астана қаласының туризмді дамыту орталығының өкілі халықаралық әртістер мен туристер тарапынан қалаға деген қызығушылықтың тұрақты өскенін атап өтті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елордаға 1,5 млн турист келген, оның 350 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл туралы Орталық басшысы Артем Квашук ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Астанадағы Backstreet Boys концертіне билеттер қашан сатыла бастайтыны хабарланды

Танымал Backstreet Boys поп-тобы 21 қыркүйекте Астанада алғаш рет өнер көрсетеді. Билеттерді сату 14 шілдеде Freedom Bank қосымшасында пресейл аясында басталады. Бұл туралы ОКҚ алаңында «CA Entertainment» халықаралық продюсері Сымбат Серік хабарлады.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

Қазақстан әлемдік жұлдыздарды тартуды жалғастыруда. Мәселен, Дженнифер Лопестен кейін қазақстандықтарды танымал Backstreet Boys поп-тобы өз өнерімен қуантады. Әртістер бүкіл мансабында алғаш рет біздің елде өнер көрсетеді. Концерт 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстан халықаралық мәдени шараларды ұйымдастыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді

Биыл елімізде шетелдік орындаушылардың қатысуымен 270-тен астам концерттік іс-шара өткізілді. Жыл соңына дейін тағы 130-ға жуық концерттік бағдарлама жоспарланған. Сонымен қатар жас таланттарды анықтау, қолдау және олардың шығармашылығын дамыту мақсатында фестивальдік қозғалыс жаңа серпін алуда. 2025 жылы жалпы 40 фестиваль өткізу жоспарланған. Оның 24-і халықаралық, 16-сы – республикалық деңгейде. Бұл туралы ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 2 202 адам, оның ішінде 1 091 қандас және 1 111 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:36Президенттің тапсырмалары

Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман – мелиорация жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:17Жаңалықтар