Күн жаңалықтары
09.07.2025
Жарияланымдар · 17
Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.
Ұлттық стандарттау жүйесі
АҢДАТПА!
Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысты
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді.
Жетісу облысында газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды
Жетісу облысында автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын. Зауыттың қуаты жылына – 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Оқиғалық туризмді дамыту
АҢДАТПА!
Қазақстанда «Jańa Dala / Green Day ‘2025» мамандандырылған көрме-көрсетілімі өтеді
Дала күні форматындағы дәстүрлі аграрлық форум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің заманауи технологиялары, жоғары өнімді техникасы мен инновациялық әзірлемелері таныстырылатын ең ауқымды демонстрациялық алаң болып саналады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бес жылда 40-тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда
Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Әділет органдарының 2025 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмысының нәтижелері туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады
Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты.
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында су шаруашылығы саласына мамандардың жаңа буынын даярлау басталды
2025 жылғы 9 сәуірден бастап ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су саласы мамандарының бірінші тобы ҚХР-да біліктілікті арттыру курстарынан өтуді бастады. Бірінші топқа 30 маман кірді. Бұдан әрі Қытайда 25 адамнан тұратын тағы 3 топ білім алады. Жалпы көрші елде екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан су саласының 105 маманы өтеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан киберқылмыспен күресу үшін халықаралық әріптестіктер орнатып жатыр
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас орнатып, олармен тікелей байланыс және жедел ақпарат алмасу арналарын әзірледі. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында мамандар Арменияда бірлескен операция өткізіп, Еуропа мен ТМД елдерінің тұрғындарын алдап келген алаяқтар ашқан 2 колл-орталығының көзін жойды. Олар азаматтарды ірі инвестициялық жобаларға ақша салу сылтауымен алдап отырған. Бұл жайлы ҚР Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстанда дроптар заң жүзінде жауапқа тартылмақ
Елімізде киберқылмыстардың алдын алу үшін әр тоқсан сайын республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп «Антифрод-орталығы» аясында өзара іс-қимыл жолға қойылған. Нәтижесінде осы платформа арқылы азаматтардан ұрланбақ болған 2,6 млрд теңгеден астам қаражаттың шығарылуына жол берілмеді. Байланыс операторларымен бірлесіп «Антифрод» жүйесі енгізілді, соның арқасында шетелден жалған нөмірлерден 66,9 млн қоңырау бұғатталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан астам киберқылмыс тіркелді
Технология күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ мүмкіндіктердің артуымен қатар қауіп-қатерлердің де түр-түрі пайда болып жатыр. Солардың бірі – киберқылмыс. Ол жаһандық деңгейде өршіп тұр. Қылмыскерлер цифрлық кеңістіктің анонимділігін, әлеуметтік инженерияны, нейрожелілер мен дипфейктерді заңға қайшы әрекеттер жасау үшін пайдалануда. Олар билік өкілдері не халықаралық құрылымдардың атын жамылып, азаматтарды алдайды. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Ғалымдар алғаш рет Қазақстанның жер асты су қорларын цифрландырды
Алматы қаласында ғалымдар Қазақстан тарихында алғаш рет гидрогеологиялық карталардың атласын – еліміздің жер асты сулары туралы негізгі деректерді біріктіретін цифрлық геоақпараттық жүйені таныстырды. Бұл сандық платформа су ресурстарын тиімді басқаруға, әсіресе құрғақшылық жағдайында тұщы судың тапшылығын шешу жөнінде тиісті шешімдер қабылдауға көмектеседі, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 323 мыңнан астам қызмет алды
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 323,7 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 246,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 45,3 мың – жеке көмекшінің, 32,5 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минисрлігі.
Бүгін Қазақстанда Су шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
Жыл сайын 9 шілдеде су шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.