Күн жаңалықтары
08.07.2025
Жарияланымдар · 12
Шымкент қаласында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алуда
Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда қала аумағында білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар және мемлекеттік органдарға арналған нысандардың құрылысы мен жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Астанада «Games of the Future 2026» турнирі өтеді
Қазақстан фиджитал тұжырымдамасына негізделген халықаралық көпспортты турнир – Games of the Future 2026 («Болашақ ойындары») өткізуге дайындалуда. Бұл ірі спорттық іс-шара физикалық және цифрлық өлшемдерді (physical+digital) біріктіретін жарыстарды қамтиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұржан Құсайынов ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды
Теміртауда «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасының шеңберінде мектеп стоматологиялық кабинеті ашылды
Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен жарақталған стоматологиялық кабинет ашылды. Бұл білім беру ортасында стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық оқушылар Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынында 4 күміс, 1 қола медаль бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау: Премьер-министр өнімнің үздіксіз қадағалануын қамтамасыз етуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы саланы цифрландыру үдерістері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасаса, саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу. Киберқылмыспен күресу бойынша жұмыстың қорытындысы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады
Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді. Өткен жылдан бері Монреаль қаласында Қазақстан Республикасының ICAO жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңсесі жұмыс істей бастады.
Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің 86%-ы онлайн режимінде ұсынылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту, ветеринариялық бақылауды күшейту және саланы цифрландыру мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Қазақстандық мал шаруашылығы тұрақты өсім көрсетуде
2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары санының және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсуі байқалады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады
Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы басталған болатын, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен 21,5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу жалғасуда. Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 21,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.