Қазақстандық оқушылар Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында (ISPhO-2025) жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынында 4 күміс, 1 қола медаль бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.