Күн жаңалықтары
15.07.2025
Жарияланымдар · 15
Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылуда. Көпбейінді ауруханаларды жаңарту бойынша 18 өңірлік мастер-жоспар және облыстық перинаталдық орталықтарды жаңарту бойынша 17 мастер-жоспар бекітілді. Бұдан басқа, құзыреттілік орталықтарын, телемедицина, симуляциялық орталықтарды, озық менеджмент және медициналық технологияларды дамыту орталықтарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы: Жамбыл облысында қайтарылған қаражат есебінен 711 жобаға несие берілді
Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен 5,1 млрд теңгеге 711 жоба несиелендірілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға – 240 жоба, жылыжай кешендерін салу бағытында – 33 жоба, ал басқа да бизнес бастамалар бойынша 438 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды.
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді
Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2025 жылғы 1 шілдесіне 245,5 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылғы 1 шілдесіне 45,7 мың отбасындағы 245,5 мың адамға 16,2 млрд сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 10,7 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Үкімет газ саласына инвестициялар тартуды ынталандыру және газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде
Президенттің елді толық газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет түрлі мүмкіндіктерді қарастыруда, оның ішінде өзіміздің газ ресурстарын пайдалану, сондай-ақ шектес мемлекеттерден газ импорттау шаралары да бар, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Олжас Бектенов ЖІӨ-нің екі еселенуі туралы: Бұл барынша биік мақсат, бірақ қол жеткізуге болады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай экономиканы әртараптандыру арқылы $450 млрд-қа дейін қол жеткізуге қатысты берген тапсырмасы аясында журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Денсаулық сақтаудағы жартыжылдық қорытынды: Қазақстанда нәресте және ана өлімі төмендеуде
2025 жылдың бес айының қорытындысы бойынша өлімнің бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуі және балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету тиімділігінің өсуі байқалады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда QR-кодтары бар туристік карталар енгізілді
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында туризм саласын дамыту мен шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы бағытта қолға алынған бастамалардың бірі – ел аумағына кірген әрбір шетелдік туристке арнайы QR-коды бар туристік карта беру, деп хабаралйды ҚР Ішкі істер министрлігі.
Автомобиль өткізу пункттері жыл соңына дейін 100% жаңғыртылады – Қазақстандағы үдерістерді жеңілдетеді және шекарадағы бақылауды күшейтеді
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту барысы қаралды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндағандай, инфрақұрылымды жаңарту тұрақты логистика мен кедергісіз сыртқы сауда ағынын қамтамасыз етудің негізгі элементі болып саналады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Қазақстанда заңсыз шығарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам нысан салынуда
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Руслан Қоңыров ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды
Бақытбек Сыдықов қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті
Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетуде, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.