Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.07.2025

Жарияланымдар · 8

Президент әскери қызмет саласындағы түзетулер туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

17:30Мемлекет басшысының қызметі

200 мыңнан астам бала заманауи білім ордаларында оқуға мүмкіндік алды: Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 122 мектептің құрылысы аяқталып, соның нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы жаңа, заманауи білім беру ортасымен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі…

15:00Президенттің тапсырмалары

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

14:19Жаңалықтар

ҚР туберкулезге қарсы қызметтің жұмысы туралы

АҢДАТПА!

11:36Баспасөз хабарламалары

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады

Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

11:00Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру туралы

АҢДАТПА!

10:00Баспасөз хабарламалары

Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыруды күшейтуде

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру, және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:00Жаңалықтар

Қазақстандықтарға 372 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 327,5 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 44,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:10Жаңалықтар