Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

21.07.2025

Жарияланымдар · 12

113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді

113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2024 жылы 104 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

17:53Жаңалықтар

Қазақстанда 2100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында белсенділік артып келеді. Қазіргі таңда еліміз бойынша жалпы сомасы 33,1 млрд теңге болатын 2105 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам құруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және ауылдық өңірлерді қоса алғанда, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:28Президенттің тапсырмалары

Үкіметте Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:57Президенттің тапсырмалары

Эндаумент қорлары институты: ҚНРДА өкілі тұрақты қайырымдылық қаржыландыру тетігі туралы айтты

Эндаумент қорлары институтын құру қайырымдылық қызметін ресімдеуді және оны реттелетін қаржы жүйесіне біріктіруді білдіреді. Бұл қайырымдылық капиталы бірден жұмсалмайтын, бірақ негізгі қор ретінде сақталатын модельді заңнамалық деңгейде бекітуге мүмкіндік береді. Эндаумент қаражаты қаржы құралдарына орналастырылады және осы салымдардан түскен табыс қана қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Мұндай механизм қайырымдылыққа арналған капиталды тұрақты жинақтауды, сақтауды және көбейтуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мұндай шаралар қайырымдылықтың ағымдағы деңгейіне қарамастан, қоғамдық маңызы бар жобаларды тұрақты және ұзақ мерзімді перспективада қаржыландыруға мүмкіндік беретін тұрақты қаржы ағынын қамтамасыз етеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаменті директорының орынбасары Алмабек Жанбеков мәлімдеді.

15:10Жаңалықтар

Қазақстанда ЖОО жанынан бес пилоттық эндаумент қор құру жоспарда бар

Ғылым мен жоғары білім беруді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жалпы капиталдандыруы 50 млрд теңгені құрайтын ЖОО жанынан бес пилоттық эндаумент қорын құру жоспарлануда. Осыған байланысты қорлардың тізбесін және олардың нысаналы мақсатын айқындау қажет. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Эндаумент қорларын дамыту қаржы нарығына «ұзақ» капиталдың келуіне ықпал етеді

Эндаумент қордың активтерінің құрылымына эндаументтер, яғни келісім негізінде қабылданған нысаналы еншілер кіреді. Сондай-ақ эндаумент қоры активтерінің құрылымына басқа қорлардағы сияқты қайырымдылық бағдарламаларын қаржыландыруға арналған, яғни инвестициясыз пайдаланатын қаражат кіреді. Сонымен қатар эндаумент қорының өз активтері (ғимараттар, жабдықтар және т.б.) болуы мүмкін. Бұл жайлы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Еліміздегі эндаумент қорлардың қызметі заңмен реттеледі

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар (нысаналы капитал) туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес эндаумент қорлары университеттерге ғылыми зерттеулер жүргізуге және ҒЗТКЖ-ға жеке инвестицияларды тартуға қолдау көрсетудің негізгі элементтерінің біріне айналуға тиіс. Заңды әзірлеу кезінде эндаумент-қордың үздік тәжірибесі бар елдердің тәжірибесі ескерілді. Ең сәттісі ретінде америкалық эндаумент қорларының үлгісі негізге алынды. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

2025 жылдың басынан бері 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды – ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды арттыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

11:18Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда креативті экономика субъектілерінің саны 17% өсті

Қазақстан Әлемдік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде (WIPO) креативті өнімдер мен қызметте» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға, ал кинематография саласында 60-орыннан 31-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

11:15Президенттің тапсырмалары

Қазақстан Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды кеңейту туралы шартты ратификациялады

11:06Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.

10:00Мемлекет басшысының қызметі

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн теңгеден астам сомасына зейнетақы төленді

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 98,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 419,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минрстрлігі.

09:50Жаңалықтар