Күн жаңалықтары
22.07.2025
Жарияланымдар · 9
Биылғы бірінші жартыжылдықта 32 спорт нысаны пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ірі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жыл басынан бері елімізде 32 спорт нысаны іске қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешенін дамыту туралы: Басымдық – терең қайта өңдеу, ресурстық базаны кеңейту және өндірісті жаңғырту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Үкіметте көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту
АҢДАТПА!
Жасанды интеллектіні оқыту: нарықтық қажеттілік және мемлекеттің рөлі
АҢДАТПА!
Қазақстанда тау кен кешені белсенді цифрландырылуда
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында тау-кен кешенін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Қазақстанда 2025 жылы 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылуда
2025 жылы Қазақстанда жалпы сомасы 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
ҚР АШМ «Апорт» алмасының аңызға айналған сортын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда
2025–2028 жылдарға арналған «Апорт» алмасының сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы басталды және еліміздің бірегей мәдени мұрасы әрі символы саналатын «Апорт» алмасының сортын қалпына келтіруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен 5 млн астам қазақстандық қамтылған
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.