Күн жаңалықтары
23.07.2025
Жарияланымдар · 14
25 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады
25 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау 5 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-14 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Премьер-министр Президенттің тапсырмаларын орындау аясында авиация саласын дамыту және ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселелері бойынша жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту, атап айтқанда, әуе тораптарын дамыту, жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан Республикасындағы Қарулы Күштердің цифрлық трансформациясы
АҢДАТПА!
Цифрлық трансформация: бастапқы денсаулық сақтауда жаңа құралдар енгізілді
Цифрлық трансформация – Қазақстандағы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жаңғыртудың негізгі векторларының бірі. Мақсат – технологияны енгізу ғана емес, пациент үшін де, денсаулық сақтау маманы үшін де ашық, басқарылатын және ыңғайлы жүйені құру. ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры Айгүл Қасымова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында толығырақ айтып берді.
Қазақстанда МСАК деңгейінде балалар қызметі жаңғыртылды
МСАК жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі балаларға жаңа сапалы деңгейде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру болды. 2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігі МСАК деңгейінде балалар қызметінің құрылымын, функцияларын және бағытталуын регламенттейтін бұйрықты бекітті. Орталық буын – бұл учаскелік педиатр-дәрігер, барлық басқа кабинет мен мамандардың өзара іс-қимылы оның қадағалауында болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді.
Медбикелердің өз бетімен қабылдау жүргізуі дәрігерлерге әлдеқайда күрделі жағдайларға назар аударуға мүмкіндік береді
Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жыл сайын жетілдірілуде. Атап айтқанда, медбикелер дәрігерлердің міндеттерінің бір бөлігін өзіне алады, пациенттің маршруты оңтайландырылады және бейінді мамандарға қолжетімділік жеңілдейді. Бұл туралы ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры Айгүл Қасымова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстанда МСАК дәрігерінің қабылдау уақыты ұзартылады
2025 жылдың басында тіркелген халық саны 20 млн-нан асады. Халықтың шамамен 38%-ы ауылда тұрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 677 бастапқы денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, олардың 62%-ы қалаларда, 38%-ы ауылдық жерлерде. Мемлекеттік ұйымдар бекітілген халықтың 75%-н, яғни 15 млн-ға жуық адамға, ал жекеменшік ұйымдар 25%-ға немесе 5 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетеді, деп хабарлады ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры Айгүл Қасымова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Қазақстандық оқушылар үшін ЖИ, анимация және бағдарламалау бойынша тегін оқу орталығы ашылады
Осы жылдың қазан айында Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы базасында TUMO шығармашылық технологиялар орталығы ашылады. Бұл – 12 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған оқу орталығы. TUMO қосымша оқу орталығы ретінде жұмыс істейді – оқушылар сабаққа дейін немесе одан кейін қатыса алады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ басқарушы директоры Валерия Те мәлімдеді. Оқыту генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, анимация, цифрлық музыка, робототехника және басқа да заманауи пәндерді қоса алғанда, 11 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.
Қазақстандықтар жасанды интеллект бойынша тегін оқытудан өте алады
Инновациялық технологиялар паркі Skillbox-тың Lerna платформасымен, Udacity және Яндекс Практикуммен бірлесіп қазақстандықтар үшін жасанды интеллект негіздері бойынша тегін курстар әзірледі. Олар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оқытудан өтуі үшін Astana Hub қосымшасын жүктеу қажет. AI movement арнайы бөлімінде барлық ақпарат пен сілтемелер бар. Қазақстандықтар қызығушылық танытатын курсты таңдап, оқудан өтіп, сертификат ала алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ басқарушы директоры Валерия Те мәлімдеді.
12 қазақстандық оқушы Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына қатысады
Жасанды интеллект саласын дамыту үшін кадрларды даярлау маңызды болып тұр. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 16,6%-ға азайған
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 584 жұмыскер зардап шегіп, оның 77-сі қаза тапты. Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 16,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Жұмысшы мамандықтар жылы: колледждермен дуальды форматта әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны екі есеге артты
Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған Республикалық слет басталды. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен келген 100-ден астам белсенді және болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандар өз дағдыларын шыңдап, келешекке шабыт алу үшін жиналды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.