Жасанды интеллект саласын дамыту үшін кадрларды даярлау маңызды болып тұр. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.