Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.07.2025

Жарияланымдар · 14

Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты РФ Президентіне көңіл айтты

17:11Жаңалықтар

Отырарда жеке инвестордың қолдауымен кітапханасы бар визит-орталық салынады

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасыновтың PANA ASIA ЖШС құрылтайшыларының бірі Нұржан Ниязалиев және компанияның бас директоры Сәуле Жаңабаевамен өткізген жұмыс кездесуінде белгілі болды. Аталған компания туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше визит-орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:59Аймақтар жаңалықтары

Safi Holding Қазақстанда қант зауытын салуды жоспарлап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстан аумағында қант зауытын салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:18Жаңалықтар

27 мың акция: елімізде волонтерлер белсенділігі артып келеді

Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамуда. 2024–2026 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жол картасы аясында Ұлттық және 20 өңірлік фронт-кеңсе жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде волонтерлердің қатысуымен 27 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары нәтиже, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

14:50Жаңалықтар

2025 жылғы бірінші жартыжылдықта халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту карталарының іске асырылу барысы туралы

АҢДАТПА!

14:38Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның әскери қызметшілеріне арналған е-Gov цифрлық порталының аналогы әзірленді

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Көзделген мақсат – eGov.kz порталына ұқсас электрондық сервистердің заманауи, ыңғайлы және ашық жүйесін құру. Платформада әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды. Мұнда қызмет, жеңілдіктер, іссапарлар мен демалыстар туралы барлық ақпарат қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

12:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

12:19Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда әскери тасымалдау құжаттары электрондық форматқа ауыстырылады

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, әскери тасымалдау құжаттары, әскери қызметшілерге тұрғын үйді автоматты түрде бөлу жөніндегі қызметтер электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

12:10Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі «Ведомствоаралық өзара іс-әрекет» модулін қолданысқа енгізді

«Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде оқыту бойынша» мемлекеттік қызметтің бизнес-процесінің реинжинирингі жүзеге асырылды. Ол электрондық кезек құру арқылы жүзеге асады, бұл әскери комиссариаттарда лауазымды адамдардың оқу топтарын өз қалауымен толықтыруын болдырмайды. Осылайша, оқуға жіберу туралы шешім қабылдау ашық түрде іске асады да, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев хабарлады.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда цифрлық әскери-дәрігерлік комиссия құру жоспарда бар

Қазақстанда әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру процесі цифрландырылды. Жоба Астана әскери комитетінде сынақтан өтті. Қазір онлайн-медициналық қаралу елордада, Алматыда, Қарағанды облысында, Шымкентте қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Қазақстанда әскери білім берудің қолжетімділігі артты

Қазақстанның әскери оқу орындарына түсу үшін құжаттарды онлайн – e-Gov порталы арқылы тапсыруға болады. Егер оқу бұрын тоқтатылған болса, ЖОО-да қалпына келтіру қызметі де қолжетімді. Алдын ала медициналық куәландыру жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп арнайы тексеру жүргізу процесі цифрландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аясында елімізде 500-ден астам нысанның құрылысы аяқталды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

10:35Президенттің тапсырмалары

15 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 15 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 110,9 мың адам жұмыспен қамтылған (30%), деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:12Президенттің тапсырмалары

Заң мен тәртіп: Премьер-министр құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Оған ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, Бас прокуратура, ҰҚК және Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:25Президенттің тапсырмалары