Қазақстанда әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру процесі цифрландырылды. Жоба Астана әскери комитетінде сынақтан өтті. Қазір онлайн-медициналық қаралу елордада, Алматыда, Қарағанды облысында, Шымкентте қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.