Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

25.07.2025

Жарияланымдар · 11

«Таза Қазақстан»: «Жасыл Ел» жастары 18 қап қоқыс жинап, табиғатты қорғауға үн қосты

Жастар саябағында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында ерекше іс-шара өтті. Бұл іс-шара елімізде кеңінен танылған «Жасыл ел» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Игі бастамаға 150-ден астам жас ерікті қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

18:05Жаңалықтар

Қазақстанда жасалған: Mindray (ҚХР) компаниясымен бірлесіп медициналық жабдықтар өндірісі орналастырылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында ультрадыбыстық аппараттар өндірісін орналастыру жөніндегі жобаны іске асыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:58Жаңалықтар

Қазақстанның су шаруашылығы саласының кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар

АҢДАТПА!

14:38Баспасөз хабарламалары

Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану проблемасын аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:31Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Францияда өткен IPhO-2025 физика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

12:51Жаңалықтар

«Мансап компасы» платформасында сұранысқа ие 744 мамандық туралы мәлімет жарияланды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында халықты жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалар туралы айтты. Оның хабарлауынша, бұл жұмыстар 2018 жылы басталып кетті. Нәтижесінде бірнеше платформа әзірленді.

12:10Жаңалықтар

200 мыңға жуық қазақстандық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды

Жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру әрі іске асыру – Еңбек министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі. Жұмыспен қамту шаралары еңбек ресурстарын кәсіптік оқыту, олардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдем беру және оларға еңбек дағдыларын беру немесе сақтауды көздейді. Биыл бұл шараларға 277 мыңға жуық адамды тарту көзделуде. 2025 жылдың алғашқы 6 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 200 мыңға жуық адам тартылды. Бұл жайлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

«Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасы арқасында 2030 жылға дейін 222 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген

Инвестициялық жобалар – жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі әрі халықты жұмыспен қамтудың драйвері. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін жобаларды сапалы жоспарлау, оларды даму жоспарларымен және орнықты даму мақсаттарымен байланыстыру – маңызды аспект. Сондықтан инвестициялық жобалардың ұлттық жобалар мен тұжырымдамалардың іске асырылуына уақытылы мониторинг жүргізу, салалық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар арасында үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру Министрліктің маңызды міндеті болып есептеледі. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Биыл сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарда бар

Еңбек нарығының 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуімен «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл –өңірдегі медианалық еңбекақыдан жоғары жалақымен қатар негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар 6 айдан астам тұрақты жұмыс орны. Еңбек нарығында осындай позициялар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамиды. Макроөңірлердің ерекшелігін ескере отырып, экономиканың негізгі секторларын индустриаландыру, инфрақұрылымды озыңқы нығайту, ШОБ  пен отандық тауар өндірушілерді одан әрі дамыту сапалы жұмыспен қамту өсуінің негізгі драйвері болуға тиіс. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

11:40Жаңалықтар

29 шілде күні Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барады

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады.

10:00Мемлекет басшысының қызметі

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сыр өңірінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бюджет қаражатымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, саябақтар мен демалыс орындары, ойын және спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөнделуде, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

09:04Президенттің тапсырмалары