«Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде оқыту бойынша» мемлекеттік қызметтің бизнес-процесінің реинжинирингі жүзеге асырылды. Ол электрондық кезек құру арқылы жүзеге асады, бұл әскери комиссариаттарда лауазымды адамдардың оқу топтарын өз қалауымен толықтыруын болдырмайды. Осылайша, оқуға жіберу туралы шешім қабылдау ашық түрде іске асады да, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев хабарлады.