Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 584 жұмыскер зардап шегіп, оның 77-сі қаза тапты. Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 16,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.