Күн жаңалықтары
01.08.2025
Жарияланымдар · 10
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.
Биыл елімізде 2,7 млн га алаңда шегірткеге қарсы күрес жүргізілді
Жалпы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күресті уақытылы және сапалы ұйымдастыру еліміздің азық түлік азық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, барлық қажетті шараны қабылдады. Биыл республика аумағында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шаралары 2,7 млн га алаңда жүргізілді. Қазір еліміздің барлық өңірінде өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 400 мың гектарға төмен. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады
2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсуін алдын ала бағалау 5%-ға дейінгі арттыру жағына қарай қайта қаралды
ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%. Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын ала 4,8%-ға бағаланған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды: Ғани Бейсембаев оларды тамыз айында толық тағайындауды тапсырды
Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды
Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды.