Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

31.07.2025

Жарияланымдар · 14

Олжас Бектенов Түркістан облысының су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайымен танысып, сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:00Аймақтар жаңалықтары

Қазақстан мен Түркия коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында 29 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметі Түркия Республикасының Президентінің Коммуникациялар дирекциясымен Медиа және ақпарат саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар ОКҚ директоры Асқар Омаров коммуникациялар дирекциясының басшысы, профессор Бурханеттин Дуранмен екіжақты кездесу өткізді.

16:49Жаңалықтар

Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

15:46Мемлекет басшысының қызметі

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы жақсартылуда

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда қамтылған басты бағыттардың бірі - әлеуметтік жағдайды жақсарту. Заңмен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар әлеуметтік кепілдік қабылданды. Жаңашылдықтар туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ брифингінде айтып берді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Әкімдіктердің объектілік ауқымдағы төтенше жағдайларды жариялау жөніндегі өкілеттігі кеңейтілді

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖ алдын алу шараларын күшейту, орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖМ құрамында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Бұл мемлекеттік ден қою жүйесін нығайтуға және халықты қорғауға бағытталған маңызды қадам. Осыған байланысты ТЖ министрлігіне орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша осы бақылау функциясы қосымша беріледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

Елімізде ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін сақтандыру жүйесі енгізілді

Биыл 24 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Құжаттың іске асырылуы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жұмыстарының жалпы тиімділігін арттыруға бағытталды. Заң 10 кодекс пен 37 заңға 600-ден астам түзетулер енгізілді. ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

14:40Жаңалықтар

Шегірткеге қарсы күрес шараларының нәтижелері туралы

АҢДАТПА!

13:30Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайған. Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

12:21Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағының қорытындысы бойынша маңызды шешімдер қабылданады - Ұлттық статистика бюросы фермерлерге үндеу тастады

1 тамызда Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Санақ парақтарында көрсетілетін барлық ақпарат қатаң құпия болып табылады. Ол салық органдарына, полицияға немесе басқа да мемлекеттік құрылымдарға берілмейді. Барлық деректер «Мемлекеттік статистика туралы» Заңмен қорғалған және тек жалпыланған түрде – елдің аграрлық саласындағы жағдайды талдау үшін пайдаланылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шәуенова мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ауыл шаруашылығы санағы 300 мыңға жуық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен аграрлық шаруашылықтарды қамтиды

Ертең елде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, ол екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең 1-31 тамыз аралығында онлайн режимде жүргізіледі. Екінші кезең 20 қыркүйектен басталады. Барлығы 21 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және 279 мыңға жуық шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығында қызмет жүргізетін жеке кәсіпкерлерді қамту жоспарлануда. 28 шілдеден бастап олар sanaq.gov.kz порталында санақтан өтуге шақырумен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама ала бастады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шәуенова мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

2025–2026 оқу жылының қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілмек, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:18Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді

2025-2026 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

09:48Жаңалықтар

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында 17,5 шақырым арық желісі жабдықталады

Биыл облыста 17,5 шақырым арық желісін жабдықтау қарастырылған. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы асянда атқарылуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

09:38Аймақтар жаңалықтары

11 тамыздан бастап 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады

Business.enbek.kz порталында (Портал) 2025 жылғы 11 тамыздан бастап 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Республика бойынша екінші лекте 4 873 адамға грант беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:15Жаңалықтар