Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында 29 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметі Түркия Республикасының Президентінің Коммуникациялар дирекциясымен Медиа және ақпарат саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар ОКҚ директоры Асқар Омаров коммуникациялар дирекциясының басшысы, профессор Бурханеттин Дуранмен екіжақты кездесу өткізді.