2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖ алдын алу шараларын күшейту, орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖМ құрамында Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Бұл мемлекеттік ден қою жүйесін нығайтуға және халықты қорғауға бағытталған маңызды қадам. Осыған байланысты ТЖ министрлігіне орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша осы бақылау функциясы қосымша беріледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.