Ертең елде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, ол екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең 1-31 тамыз аралығында онлайн режимде жүргізіледі. Екінші кезең 20 қыркүйектен басталады. Барлығы 21 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және 279 мыңға жуық шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығында қызмет жүргізетін жеке кәсіпкерлерді қамту жоспарлануда. 28 шілдеден бастап олар sanaq.gov.kz порталында санақтан өтуге шақырумен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама ала бастады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шәуенова мәлімдеді.