Күн жаңалықтары
30.07.2025
Жарияланымдар · 5
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне хат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады.
Қанат Бозымбаев Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне су жеткізу мәселелері бойынша Бішкек пен Ташкентте келіссөздер жүргізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 28 шілдеде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Отандық өндірушіні қолдау: мұнай-газ жобаларында жергілікті қамту үлесі артуда
ҚР Энергетика министрлігі Уәкілетті органмен бірлесіп, Ішкі елдік құндылықты дамыту және ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Операторлар жүзеге асырып жатқан жобалар аясында реттелетін сатып алуларда тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының басталуы
АҢДАТПА!
Ағымдағы жылы алты ай ішінде 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылда 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.