Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

29.07.2025

Жарияланымдар · 7

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды.

14:23Жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 3 916 қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3 916 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 3 968 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

12:52Жаңалықтар

Еңбек нарығын трансформациялау: Олжас Бектенов әкімдердің KPI жүйесін енгізуді және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірыңғай цифрлық жүйені жасап шығаруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:19Жаңалықтар

Қазақстан өнеркәсібінде 75 жаңа мамандық пайда болды

Бүгінгі күні жаңа мамандықтар Атласында Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша 75 жаңа мамандық бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET Telegram-каналы.

11:48Жаңалықтар

Қазақстанда кәсіби білім беру еңбек нарығына сәйкестендіріп қайта қаралуда

Қазақстан экономикасына орта мерзімді кезеңге 3 миллион адамға жуық кадр қажет болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бұл кадрларға бүгінгі таңда сұраныс құрылымы анықталып қойылған. Олардың үштен бірін қызмет саласы алып отыр. Одан кейін тасымадау мен тауарларды бөлу, өнеркәсіп, ауы шаруашылығы және құрылыс тұр, деп хабарлайды Ukimet Telegram-каналы.

11:09Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 245 мектеп кешенді реновациядан өтуде

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алдағы үш жылда еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті жаңғырту жоспарлануда. Биылғы жылы 245 мектепте кешенді жұмыстар басталды. Оның 146-сы ауылдық жерлерде, 99-ы қалаларда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:40Президенттің тапсырмалары

2025 жылдың бірінші жартысында Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

Биыл алғашқы алты айда Қазақстанға Қытайдан Ертіс өзені арқылы 4,6 млрд текше метр және Іле өзені арқылы 5,6 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

09:19Президенттің тапсырмалары