Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.07.2025

Жарияланымдар · 12

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті

23:04Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен келді

22:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.

18:03Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар мектеп жанында жүгері мен күнбағыс екті

Мамыр айында, оқу жылының аяқталуына орай, №96 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімдері 10 «А» және 4 «А» сынып оқушыларымен бірлесіп экологиялық жобаны қолға алды. Ауқымды «Таза Қазақстан» экожобасы аясында мектеп аумағында жүгері мен күнбағыс егуге арналған тәжірибелік алаң жасалды. Бұл – жоғары сынып пен бастауыш сынып оқушыларының бірлескен зерттеу және тәжірибелік жұмысының үлгісі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

17:44Президенттің тапсырмалары

Черногорияда Абай орталығы ашылды

Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

16:55Жаңалықтар

Қазақстан әлемдік опера сахнасын бағындырды: Әйгерім Алтынбек CLIP 2025 байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңіске жетті. Өнерпаз бірінші орыннан бөлек, байқаудың негізгі номинацияларында үздік атанып, абсолютті жеңімпаз болды. Сонымен қатар көрермен көзайымы жүлдесін, «Үздік әйел дауысы» марапатын және музыка сыншысы, арт-директор әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

14:31Жаңалықтар

Су шаруашылығы саласы мамандарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынды

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде несиелік бағдарламасы аясында су саласының мамандарына тиімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік берілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына толықтырулар енгізіліп, енді су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен жұмыскерлерге, гидротехниктерге, мелиораторларға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ берілетін болады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова ОКҚ алаңында сала мамандарына көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтты.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Отандық су саласы мамандары Қытай елінде біліктілігін арттыруда

2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған орай, Су ресурстары және ирригация министрлігімен салалық жоспар әзірленді. Аталған жоспарда жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен мамандардың біліктілігін арттыру сияқты шаралар қамтылған. Өткен жылы «Қазсушар» РМК 500 маманы арнайы орталықтарда курстардан өтті. Биыл СРИМ тарапынан аталған көрсеткішті 1000 маманға жеткізуді көздеп отыр. Бұл бағытта басты қадамдардың бірі ол халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпованың ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Су саласы мамандықтарына бөлінетін грант саны ұлғайды

Су шаруашылығы кәсіпорындарында 10 мыңға жуық маман қызмет етеді. Жаңа құрылыс нысандарының салынуына байланысты және су шаруашылығы саласы жұмыскерлерінің жасына жасалған талдау нәтижесінде алдағы 4-5 жылда су шаруашылығы мамандарына қажеттілік 2 мыңдай адамды құрамақ. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпованың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлауынша, саладағы білікті мамандардың тапшылығын шешу мақсатында 2024 жылғы шілдеде «Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» құрылды.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда мерзімді қызметтің жаңа форматтағы SARBAZ+ пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасын іске асыруда. Бағдарлама әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттыруға және заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:55Жаңалықтар

Қазақстанда суару кезеңі басталғалы бері ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 8 млрд текше метрден астам су жіберілді

Биылғы суару кезеңі басталғалы бері Қазақстанда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 8 млрд текше метрден астам су пайдаланылған. Бұл көлемнің шамамен 7,7 млрд текше метрі елдің оңтүстігіндегі бес өңірге тиесілі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

09:41Жаңалықтар

Оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

08:52Жаңалықтар