Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасын іске асыруда. Бағдарлама әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттыруға және заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.