Биылғы суару кезеңі басталғалы бері Қазақстанда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 8 млрд текше метрден астам су пайдаланылған. Бұл көлемнің шамамен 7,7 млрд текше метрі елдің оңтүстігіндегі бес өңірге тиесілі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.