Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.