«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда қамтылған басты бағыттардың бірі - әлеуметтік жағдайды жақсарту. Заңмен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар әлеуметтік кепілдік қабылданды. Жаңашылдықтар туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ОКҚ брифингінде айтып берді.