Күн жаңалықтары
21.08.2025
Жарияланымдар · 10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері қарқынды дамып келеді: биыл 455 МВт болатын 9 нысан іске қосылады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласын белсенді дамытып, тұрақты энергетикалық трансформация бағытын күшейтіп келеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда өсімдік майын өндіру 24%-ға өсті
Қазақстанда майлы дақылдарды қайта өңдеу көлемінің тұрақты өсуі жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар–шілде қорытындысы бойынша өсімдік майын өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артып, 420,5 мың тоннадан 521,2 мың тоннаға жетті. Оның ішінде күнбағыс майының өндірісі 457,7 мың тоннаны құрап, өткен жыл деңгейінен 24,5%-ға жоғары болды (367,8 мың тонна), деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы инистрлігі.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 260 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 48,3 мың отбасындағы 259,7 мың адамға 18,6 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Үкіметте Мемлекет басшысының сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы бойынша кеңес өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген аталған салаға озық технологиялар мен инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың мақсаты – әрбір балаға заманауи әрі қауіпсіз білім алу үшін қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды
Жамбыл облысында жаңа өңірлік мемлекеттік табиғи парк – «Мерке» құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды. Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алып, 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қазақстандықтарға 434 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 381,9 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 52,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Үкіметтік жұмыс топтары өңірлердің жылыту маусымына дайындығын тексеруде
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын кешенді түрде тексеріп жатыр. Басты назар энергетикалық инфрақұрылымы әбден тозған және апат қаупі жоғары облыстарға аударылып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізіліп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады, деп хабарлайды Primeminister.kz.