Күн жаңалықтары
20.08.2025
Жарияланымдар · 8
Венгрия компаниясы Қазақстанда бал өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр
Ара шаруашылығы саласындағы Еуропаның жетекші компанияларының бірі – венгриялық Aranynektár Kft Қазақстан аумағында бал өндіру және өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 354 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен жалпы сомасы 354,5 млрд теңге мөлшерінде орта есеппен 856,2 мың отбасы, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 308,9 млрд теңге сомасына 613,4 мың отбасы; наградталған аналарға берілетін жәрдемақымен – 45,6 млрд теңге сомасына 242,8 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Қаладағы барлық бес ауданда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті.
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады.
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналардың есепшоттарына шамамен 20 млрд теңге аударылды – балалардың 87%-ы көмек алды
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуық, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне жіберілген кандидаттардың тізімі жарияланды
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында 2025 жылғы 16 тамызда өткен «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» іріктеудің үшінші кезеңінің нәтижелері жарияланды. Аталған кезең аясында әрбір кандидатқа деректерді бейтараптандыру мақсатында бірегей сәйкестендіру нөмірі берілді. Жұмыстарды бағалау мемлекеттік қызметті, бизнесті және академиялық ортаны ұсынатын үш салалық сарапшы тарапынан жүргізілді. Әрбір кандидаттың қорытынды балы әрбір салалық сарапшы берген бағалардың орташа мәні негізінде қалыптастырылды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру: Жүйелі реформалар еліміздегі медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қалай арттыруда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.