Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында 2025 жылғы 16 тамызда өткен «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» іріктеудің үшінші кезеңінің нәтижелері жарияланды. Аталған кезең аясында әрбір кандидатқа деректерді бейтараптандыру мақсатында бірегей сәйкестендіру нөмірі берілді. Жұмыстарды бағалау мемлекеттік қызметті, бизнесті және академиялық ортаны ұсынатын үш салалық сарапшы тарапынан жүргізілді. Әрбір кандидаттың қорытынды балы әрбір салалық сарапшы берген бағалардың орташа мәні негізінде қалыптастырылды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.