Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.10.2025

Жарияланымдар · 4

Елімізде УЕФА стандарты бойынша салынған үшінші стадион ашылды

Қызылорда қаласында 11 мың орындық көпсалалы стадионның салтанатты ашылуы өтті. Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар орталықта ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

17:13Жаңалықтар

Ақтауда тұңғыш рет «TurkicSkills 2025» халықаралық шеберлік чемпионаты басталды

Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында алғаш рет «TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз жұмысын бастады. Білім бәсекесінде Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 53 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде Қазақстанның әр өңірінен 10 студент қатысып жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

12:40Жаңалықтар

Қазақстанда 20,8 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:03Жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда

Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:00Жаңалықтар